Әлемдік IQ деңгейі: Қазақстандықтар қай орында

Сурет: pexels
Әлем бойынша орташа IQ рейтингі жаңартылды. Зерттеу әлемнің түкпір-түкпірінен 2024 жылы "Халықаралық IQ тізілімі" сайтында бірдей сынақтан өткен 1 393 066 адамның деректеріне негізделген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әлем бойынша орташа IQ Шығыс Азияда жоғары екендігі белгілі болды. Орта деңгейді Еуропа, Батыс Азия, Океания, Солтүстік Америка және Солтүстік Африка елдерінің тұрғындары көрсеткен. Ал төменгі көрсеткіштер Орталық және Оңтүстік Африкада, сондай-ақ Латын Америкасына тиесілі болды. Негізінен елдердің 82,45%-ның деңгейі былтырғы IQ көрсеткішімен шамалас (айырмашылық 2 баллдан аз).

Рейтингте — 127 ел. Қазақстан онда 66-орында, орташа IQ 97,27. Бұл тестті 2024 жылы 5732 қазақстандық тапсырған. Айта кету керек, өткен кезеңмен салыстырғанда орташа IQ +0,01-ге өскен.

Сурет: international-iq-test.com

Рейтингтің алғашқы орындарын Қытай, Иран, Корея, Жапония, Сингапур, Ресей иеленген.

Сурет: international-iq-test.com

Бұған дейін Қазақстанда "Үздік ғылыми қызметкер" сыйлығын беру тәртібі өзгергендігі хабарланған болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды