Данияда мұғалімдерге мектепте тәртіп сақтау үшін оқушыларға күш қолдануға рұқсат берілуі мүмкін

Дети, буллинг, травля, задирание, жертва буллинга, школьный буллинг, издевательство, травля ребенка, травля детей, буллинг среди учеников, буллинг среди детей, буллинг среди подростков , сурет - Zakon.kz жаңалық 13.10.2026 13:42 Фото: pexels
Данияда парламент мақұлдауы тиіс заң жобасы қарастырылып жатыр. Құжат белгілі бір жағдайларда мұғалімдерге оқушыларды физикалық күшпен ұстап тұруға және олардың еркінен тыс сыныптан шығаруға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Oxu.Az басылымының хабарлауынша, бұл туралы Данияның білім министрі Магнус Хеунике мәлімдеген.

Министрдің түсіндіруінше, мұндай шаралар оқушылар "өздеріне немесе айналасындағыларға қауіп төндіргенде" немесе сыныптағы тәртіпті "елеулі түрде бұзғанда" қолданылуы мүмкін. Бұл ретте сөз дене жазасы туралы болып отырған жоқ.

"Жағдай ушығып кеткен кезде мұғалімдер қандай әрекет жасауға рұқсат етілгеніне күмәнданбауы керек. Ешбір ұстаз зорлық-зомбылықтың алдын алғаны үшін жұмыстан шығарылудан қорықпауы тиіс", – деді ол.

Заң жобасын әзірлеуге Дания мектептерінде оқушылардың агрессивті және деструктивті мінез-құлқы жиілегені туралы хабарламалар себеп болған.

Данияның еңбек инспекциясының мәліметінше, сауалнамаға қатысқан педагогтердің төрттен бірінен астамы оқушылардың осындай әрекеттеріне жиірек тап бола бастағанын айтқан. Зерттеу нәтижесі әрбір бесінші сыныпта мұғалімдерге қарсы зорлық-зомбылық жасалатынын көрсетті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: