Парижге Олимпиада алауы оралады

Сурет: wikimedia/Bruno Barral
Олимпиада алауы бар тостаған 21 маусымда Франция астанасынан жоғары көтеріледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Франция президенті Эммануэль Макрон олимпиадалық және паралимпиадалық алауды сақтаған "тостаған" деп аталатын әуе шары Лувр мен Келісім алаңының жанындағы Тюильри бағындағы бастапқы орнына оралатынын мәлімдеді. Бұл туралы France 24 жазды.

Макронның айтуынша, тостаған Парижге ең ұзақ күндізгі уақытта яғни 21 маусымда оралады. Бір қызығы, сол уақытта жыл сайынғы музыка күні басталады. Әуе шары қалада кем дегенде 14 қыркүйекке дейін болады. Нақты күндер әлі белгіленеді, бірақ жалпы идея – ол 2028 жылы Лос-Анджелес ойындары басталғанға дейін әр жазда Париждің үстінде қалықтайды.

Бұған дейін Ауғанстанда жалғыз әйелдер радиостанциясы жабылғандығы хабарланған болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жаңа тарихи белеске қадам басу: Қазақстанда стратегиялық даму жөніндегі сарапшылар тобы құрылды

Атырауда отыз отбасы "Отбасы банктен" баспаналы болды

Тоқаев халықтық цифрлық экономиканы дамыту туралы жарлыққа қол қойды

Шығыс Қазақстан облысында жаңа ветеринариялық пункттер ашылуда

Күйік асуындағы жол жөндеуінен бюджетке 191 млн теңге қайтарылды