Ауғанстанда жалғыз әйелдер радиостанциясы жабылды

Ауғанстанда жалғыз әйелдер радиостанциясы жабылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.02.2025 11:18 Сурет: begum.fm
4 ақпанда Талибан Ауғанстандағы жалғыз "Begum" әйелдер радиостанциясының жұмысын тоқтатты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Kabul Now ақпаратынша, Талибан өкілдері компанияның кеңсесіне тінту жүргізіп, барлық техниканы тәркілеп, екі ер қызметкерді ұстады. Кейінірек билік станцияның жұмысын тоқтатқанын растады. Олар мұны радио "хабар тарату саясатын" бұзды және шетелдік телеарнаға мазмұн берді деп түсіндірді.

Тыйым салынғанға дейін станция күн сайын ауған әйелдеріне арналған оқу бағдарламаларын, сондай-ақ денсаулық, психология және руханият туралы сабақтарды таратты. "Begum" өкілдері ешқандай саяси ақпарат таратпағанын, тек ауған қыздарын білім беру мүмкіндіктерімен қамтамасыз еткендерін айтты.

Бұған дейін Жапонияда қалың қар жауып, тыныс-тіршілік бір сәтке тоқтағандығы хабарланған болатын. 


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: