Жапонияда қалың қар жауып, тыныс-тіршілік бір сәтке тоқтады

Жапонияның екінші үлкен аралы - Хоккайдоны қар басып қалды. Бір Обихиро қаласында тек 12 сағат ішінде түскен қардың қалыңдығы 120 сантиметрді құрады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жолдар жалтыр мұз болып, жол-көлік оқиғаларының (ЖКО) саны артты: үш адам зардап шекті.
Сондай-ақ, 62 жастағы әйелдің үстіне қардың салмағынан сынып кеткен ағаш бұтағы құлап, зардап шегуші мерт болды. Сонымен қатар, кейбір автобус пен жолаушылар пойызы тоқтады. 370-ке жуық мектеп жабылды, әуежайлар да жұмысын тоқтатты.
More insane video of the record breaking snow in Obihiro City, Japan, where 85 cm has fallen in just six hours ❄️☃️❄️ pic.twitter.com/lXIcgWTcsc
— Volcaholic 🌋 (@volcaholic1) February 3, 2025
РБК Life басылымы атап өткендей, қар тазалау жұмыстарына барлық ресурстар, соның ішінде студенттер мен еріктілер де тартылған. Олар бірінші кезекте елдің қарт тұрғындарына көмекке келуде. Ең алдымен, үйдің есігінің алдын тазалау мақсат.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript