Ауғанстанда зілзаладан қаза тапқандардың 90 пайызы – әйелдер мен балалар

Ауғанстанда зілзаладан қаза тапқандардың 90 пайызы – әйелдер мен балалар, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.10.2023 16:34 Сурет: pixabay
Ауғанстандағы зілзаладан қаза тапқандардың 90 пайызы әйелдер мен балалар. Мұны Біріккен Ұлттар Ұйымы мәлімдеп отыр.

Еске салайық өткен аптада Ауғанстанның батысында магнитудасы 6.3 балл болатын жер сілкінісі тіркелді.

Талибан үкіметі хабарлағандай, қазанның 7-де Герат провинциясында зілзаладан 20 ауылда 2 мың үй қирап, 2 жарым мыңдай тұрғын қаза тапты, деп жазады qazaqstan.tv.

Сонымен қатар 1700-ге жуығы жараланған.

Айта кетсек, дәл осы аймақта сәрсенбіде жер дүмпу қайталанып, 1 адам мерт болып, жүздеген үй тағы құлаған.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: