Калифорнияда қызыл жалыннан аман қалған үйді аю мекендеп алған

Сурет: California Department of Fish and Wildlife
Лос-Анджелес тұрғыны орман өртінен кейін үйінің жертөлесінен аю тапқан. 230 келілік жыртқыш үйде ешкімнің жоқтығын пайдаланып, жертөлеге қоныстанған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Daily Mail дерегінше, жаңа тұрғынды Оңтүстік Калифорнияның газ компаниясының бригадалары пәтерге газ беру жұмыстарын жүргізу кезінде тапқан. Жабайы табиғатты қорғау қызметкерлері аюды үйден шығару үшін әртүрлі айла тәсілдерді қолдануға мәжбүр болған.

Жануар тым үлкен болғандықтан, оны жаңа технологиялардың көмегімен шығару қиынға түскен. Сондықтан, жыртқышға қуырылған тауық еті, томат тұздығы, алма, жержаңғақ майы және басқа да тамақтар ұсынылған.

Жоспар іске асты: аю дәмді тағамға қарсы тұра алмай жертөледен шықты. Осыдан кейін ол ұсталып, қауіпсіз жерге көшірілді. Жабайы табиғатқа шығар алдында жануарға оның қозғалысын бақылау үшін GPS трекері тағылды.

Жергілікті тұрғындар бұл аюды жақсы біледі және оған қамқорлықпен қарайды.

Бұған дейін Таиландтан оралған туристен тері астындағы паразиттік құрт табылғандығы хабарланған болатын.

АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі