АҚШ-та 200 баланың "анасы" балаларының бірін экзотикалық маймылға айырбастамақ болды

Сурет: pixabay
Линкольн округінің 70 жастағы тұрғыны Бренду Рут Дойч ата-аналық міндетін дұрыс орындамағаны үшін, балаларды қорлап, олардың өміріне қауіп төндіргені үшін айыпталуда, деп хабарлайды Zakon.kz.

NBC News ақпаратынша, әйел асырап алған баласын экзотикалық маймылға айырбастамақ болған.

Линкольн округінің прокуроры Майк Вуд 15-20 жыл ішінде Дойч 200-ден астам баланы тәрбиесіне алғанын айтты. Әйелдің мұндай мәміле жасамақ болғанын құзырлы органдарға екі куәгер хабарлаған.

Бұған дейін де Дойчқа шағымдар түскені белгілі болды. Ол 2022 жылдың қыркүйегі мен қаңтары аралығында 17 жасқа толмаған жасөспірімді бетінен ұрып, қанталауына дейін жеткізген.

Күдікті жақында 250 мың доллар көлеміндегі кепілмен түрмеден шығуы мүмкін. Тергеу жүріп жатыр.

Бұған дейін американдық зейнеткердің үйінде жеті жолбарыс асырағаны хабарланған болатын.

АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мобильді интернеттің дамуы: 5G желісін пайдалану қарқыны артты

Игорь Лепеха ішкі істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды

Биыл 595 мың теңге, 2027 жылы 770 мың теңге – жүктілік пен босануға байланысты төлем қалай есептеледі

Жалақы, қосымша төлемдер және даулы мәселелер бойынша мұғалімдер 1472 нөмірінен кеңес ала алады

Қазақстандық әйелдер 2026 және 2027 жылдары декретке шыққанда қанша төлем алады