Бухарест мэрі Румыния президенті сайлауында жеңіске жетті

Сурет: Facebook/NicusorDan
Бухарест мэрі Никушор Дан Румыния президенті сайлауында жеңіске жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Румын астанасының мэрі сайлаудағы жеңісі туралы Facebook парақшасында жазды. Ол құттықтаулары мен қолдаулары үшін Молдова Республикасының румын азаматтарына және Молдова президенті Майя Сандуға алғыс білдірді.

Президенттік сайлаудың екінші турында ол 53,98% дауыс жинады, ал оның қарсыласы Джордже Симион – 46,02%. Осылайша, румын БАҚ-тары Данның сайлауда жеңіске жеткенін жарыса жазды.

55 жастағы Никушор Дан – тәуелсіз проеуропалық кандидат. Джордже Симион – румындарды біріктіру альянсының ұлтшыл көшбасшысы. Сонымен қатар, Джордже Симион сайлауда жеңілгенін мойындап, қарсыласын жеңісімен құттықтады.

Бұған дейін Ватиканда Зеленский мен Рим Папасы кездесу өткізгендігі хабарланған болатын.

Еуроодақ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мобильді интернеттің дамуы: 5G желісін пайдалану қарқыны артты

Биыл 595 мың теңге, 2027 жылы 770 мың теңге – жүктілік пен босануға байланысты төлем қалай есептеледі

Игорь Лепеха ішкі істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды

Жалақы, қосымша төлемдер және даулы мәселелер бойынша мұғалімдер 1472 нөмірінен кеңес ала алады

Қазақстандық әйелдер 2026 және 2027 жылдары декретке шыққанда қанша төлем алады