Жердегі орман өртінің түтіні ғарыштан байқалды

Сурет: NASA Earth Observatory
2025 жылғы 1 маусымда Канада бойынша 180-нен астам орман өрті тұтанды. Ауқымды қызыл жалынның қою түтіні тіпті ғарыштағы NASA-ның спутнигінен де көрініп тұр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Канада Орман өрттерінің ведомствоаралық ұлттық орталығының 1 маусымда жариялаған есебіне сәйкес, жыл басынан бері ел аумағында 1586 өрт тіркеліп, олардың салдарынан бір миллион гектардан астам жер өртеніп кеткен.

Сурет: NASA Earth Observatory

АҚШ Ұлттық мұхит және атмосфера басқармасына (NOAA) тиесілі DSCOVR спутнигінде орнатылған EPIC камерасы маусым айының басында биіктіктен сурет түсірген. Бұл құрылғы Жер бетінен шамамен 1,5 миллион шақырым қашықтықта орналасқан, бұл Айға дейінгі қашықтықтан төрт есе алыс.

EPIC түсірген суретте негізінен Канададағы Саскачеван және Манитоба провинцияларында болып жатқан өрттерден шыққан түтін көрінеді.

Қою түтін солтүстік-шығысқа қарай Нунавут арқылы Гренландия жағалауына және оңтүстікке қарай АҚШ аумағына таралған. Тағы бір түтін шоғыры Атлант мұхитының үстінде, Еуропа маңында байқалады.

Канада
АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды