7000 метр биіктікте қар көшкіні жүріп, 14 адам хабар-ошарсыз кетті

Горы, горная местность, лавина, лавины, лавиноопасные районы, лавиноопасный район, лавиноопасный участок, лавиноопасные участки, опасность схода лавины, опасность схода лавин, сход лавины, сход лавин, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.09.2026 14:15 Фото: unsplash
Непалдың Нар-Пху аймағындағы Химлунг-Химал шыңында қар көшкіні жүріп, бас-аяғы 14 адам хабар-ошарсыз кеткен. Құтқару жұмыстары ауа райының қолайсыздығына байланысты қиындап жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Kantipur басылымының жазуынша, жоғалғандардың барлығы – Непал азаматтары. Олардың арасында шерптер, гидтер және қызмет көрсетуші персонал бар. Шетелдік альпинистер бес-алты күннен кейін келуі керек болған. Сол себепті олардың бағытын дайындау үшін алдын ала топ 7126 метр биіктікке жіберілген.

Алғашында 22 адамнан тұратын топтың сегіз мүшесімен байланыс үзілген. Кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны 14 адамға жеткен.

Жексенбі күні таңертең гидтер эвакуация жасауды сұрап үлгерген. Осыдан кейін олармен байланыс үзілген.

"Билік өкілдері мен жеке компаниялар Катманду мен Покхарада құтқару тікұшақтарын дайындады. Алайда көріну деңгейінің нашар болуына байланысты тауға ұшу мүмкін болмай тұр. Құтқарушылардың жердегі топтары да оқиға орнына жете алмай отыр", – делінген хабарламада.

Хабар-ошарсыз кеткендердің арасында Himalayan Holidays және Imagine Nepal компанияларының қызметкерлері де бар. Тәжірибелі альпинистерден құралған топ іздеу жұмыстарын бастау үшін әуежайда ауа райының жақсаруын күтіп отыр.

Бұған дейін Испанияда шамамен 60 метр биіктіктен құлап, Ұлыбританияның 28 жастағы альпинисі қаза тапқан болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: