Мексикадағы табиғи апат: 130 адам қаза тапты немесе хабар-ошарсыз кетті
Сурет: видеодан алынды
Australian Broadcasting Corporation мәліметінше, өткен аптада Парсы шығанағы жағалауы мен елдің орталық штаттарына қатты жаңбыр жауып, лай көшкіні мен су тасқыны болды.
"Біз нөсер жаңбыр осыншалықты қатты болады деп ойлаған жоқпыз", – деді.Мексика президенті Клаудия Шейнбаум.
Аймақтағы бес штат табиғи апаттан зардап шеккені белгілі, ең көп зардап шеккені – Веракрус (29 адам қаза тауып, 18 адам хабар-ошарсыз кетті) пен Идальго (21 адам қаза тауып, 43 адам хабар-ошарсыз кетті). Мехиконың шығысындағы Пуэблада 13 адам қайтыс болды, ал Керетарода көшкін салдарынан кішкентай бала көз жұмды.
Rescue teams, including 8,700 military personnel, are working to save at least 65 missing people after torrential rain triggered deadly floods at 150 locations in Mexico. At least 64 residents are confirmed dead, according to official figures #Mexico #Floods #RescueTeam #Rain… pic.twitter.com/J3UYR6lcFv
— CNBC-TV18 (@CNBCTV18News) October 15, 2025
Ауа райының қолайсыздығы 100 мыңға жуық үйді бүлдірді. Жаңбыр инфрақұрылымдарды, соның ішінде көпірлерді қиратып, көшелерді саз шалшыққа айналдырды. Елдімекендерге құтқару командалары мен 8700 әскери қызметші тартылған.