Үндістанда толассыз жаңбыр жауып, су тасқыны жүрді

Үндістанда толассыз нөсер жаңбыр жауып, су тасқыны жүрді. Табиғи апаттан 22 адам қаза тапқан.
Көшелер өзенге айналып, ел астанасы Нью-Делиде мектептер жабылды. Билік тұрғындарға мейілінше үйде отыру қажеттігін ескертті.
Химачал-Прадеш штатының басым бөлігінде жауын-шашынның 1 айлық мөлшері түскен, деп жазады qazaqstan.tv.
Айта кетсек, Үндістанда өткен айда жаңбырлы маусым басталды. Мұндай ауа райы қыркүйекке дейін жалғасады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript