Шымбұлақта қар көшкіні жүріп, бір шаңғышы қаза тапты

2023 жылғы 15 қазанда Шымбұлақта қар көшкіні жүріп, шаңғышылардың бірі қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz .
Қаралы хабар қалалық құтқару қызметінің Instagram желісіндегі парақшасында 2023 жылғы 16 қазан күні жарияланды.
"15 қазанда сағат 17:20-да Алматы қаласы әкімдігінің 109 құтқару қызметінің құтқарушылары апат салдарынан қаза болған К. есімді азаматтың денесін алу үшін Тұйықсу шыңының сол жақ иығына қарай шықты. Белгілі болғандай, Р. және К. есімді азамат Тұйық су мұздығында шаңғы теуіп жүрген. К. бірінші болып түскен, алайда көшкін салдарынан қар астында қалған. Р. К. жатқан жерге дейін қауіпсіз еңіспен түсіп, мәйітті қар астынан алып шыққан". Алматы қаласы құтқару қызметінің баспасөз қызметі
"Екінші жәбірленушінің жағдайы қанағаттанарлық. Оқиғаның жай-жапсары тергеу шараларынан кейін нақтыланады". Алматы қаласы құтқару қызметінің баспасөз қызметі
Бір күн бұрын, 15 қазанда Алматы тауларында қар көшкіні жүрді. Құтқарушылардың мәліметінше, қаза болған жігіт шамамен 33-35 жаста.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript