Қарақшылар мұнай танкерінің экипажын кепілге алып, өтемақы талап етті
Сурет: pexels
Shafaq News басылымының мәліметінше, оқиғаның мән-жайын шейх Али әл-Шағанби айтып берген. Оның сөзінше, кеме әл-Шағанба тайпасының мүшесіне тиесілі. Қарақшылар танкер Аден шығанағы арқылы өтіп бара жатқанда оны басып алып, экипаж мүшелерін кепілге ұстаған және өтемақы талап еткен.
Кемені құтқару үшін Абу-эль-Хасиб ауданы мен Джикур ауылының тұрғындары кеме иесінің туыстарымен бірге шетелдік серіктестермен үйлестіре отырып операция ұйымдастырған. Рейд нәтижесінде қарақшылар болуы мүмкін жеті адам ұсталып, экипаж мүшелері босатылды.
Шейхтің айтуынша, шабуыл жасаған бірнеше адам қашып кеткен. Танкердің атауы, операцияның нақты қашан жүргізілгені, экипаж құрамы және ресми билік өкілдерінің операцияға қатысқаны туралы ақпарат әзірге жарияланған жоқ.
Бұған дейін АҚШ әскери кемелерге жасалған шабуылдан кейін Иранның мұнай флотына соққы берген болатын.