Қызыл теңіздегі текетірес: Хуситтер британ мұнай танкеріне зымыранмен соққы берді
РИА Новости мәліметінше, "Ансар Аллах" қозғалысының әскери өкілі Яхья Сари Йемен Қарулы күштерінің Әскери-теңіз күштері Қызыл теңіздегі Andromeda star атты британдық мұнай танкеріне кемеге қарсы зымырандармен бірнеше соққы бергенін, осылайша тікелей шабуыл жасалғанын жеткізді... Йемен Қарулы Күштерінің Әуе қорғаныс күштері Саада провинциясының әуе кеңістігінде америкалық MQ-9 ұшқышсыз ұшағын да сәтті атып түсірді.
Сария хуситтер Газа секторындағы "Палестина халқына қарсы агрессия" тоқтамайынша әскери операцияларды жалғаса беретінін мәлімдеді.
Ұлыбританияның теңіз саудасы агенттігі UKMTO кемеге Әл-Муха қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 26 шақырымнан жасалған екі шабуыл салдарынан зақым келгені туралы ақпаратты растады. Бірінші соққы барысында кеменің жанында жарылыс болды, екіншісінде кеме зақымданған. Екінші жағдайда, болжам бойынша, екі зымыран атылған.
Хуситтер 2023 жылдың күзінен бастап Қызыл теңіз және Аден шығанағы арқылы өтетін сауда кемелеріне шабуыл жасауда. Бұл олардың Газа секторындағы Израиль шабуылдарына берген жауабы және олар Израильмен байланысты кемелерді көздейтінін айтады.
25 сәуірде хуситтер АҚШ пен Израильге тиесілі Maersk Yorktown және MSC Veracruz коммерциялық кемелеріне соққы берді. 7 наурызда Қызыл теңіздегі кемеге хуситтер жасаған зымыран соққысынан үш адам қаза тапты.