Румын депутаты Урсула фон дер Ляйеннің отставкаға кетуін талап етіп, қол жинауды бастады

Сурет: Х/vonderleyen
16 маусым күні Румыния оппозициясының жетекшісі Джордже Симион Еуропалық комиссия төрайымы Урсула фон дер Ляйенге сенімсіздік вотумын жариялау үшін Еуропарламент депутаттарынан қол жинауды бастағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

2025 жылы мамырда өткен президенттік сайлауда Румыния президентінің басты қарсыласы болған Симион бұл батыл бастамасымен Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында бөлісті.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірге, Урсулаға қарсы бірге!" – деп жазды ол 17 маусымдағы жазбасында.

Алдағы уақытта Симион тек румын депутаттарымен шектелмей, Еуропарламенттің барлық 720 депутатының қолдауына жұмыс істеуді жоспарлап отыр. Белгілі болғандай, Еурокомиссия төрайымына сенімсіздік вотумын ұсыну үшін румын саясаткерінің бастамасына кемінде 72 депутаттың қолы керек.

Бұған дейін Әлемдік БАҚ-тың Иранның бұрынғы президенті Махмұд Ахмадинежадтың қаза тапқаны туралы жазуда екені хабарланған болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Димаш Колумбияға алғаш барды. Әнші Богота әуежайында жанкүйерлері қалай қарсы алғанын көрсетті

Азаматтардың өтініші көбейді: Мемлекеттік органдар мен әкімдіктер нені талқылады

Жаңа тарихи белеске қадам басу: Қазақстанда стратегиялық даму жөніндегі сарапшылар тобы құрылды

Атырауда отыз отбасы "Отбасы банктен" баспаналы болды

Алматыда Сайран көлі маңынан қару мен патрондар табылды – полиция тексеруді бастады