Әлемдік БАҚ Иранның бұрынғы президенті Махмұд Ахмадинежадтың қаза тапқаны туралы жазуда

Әлемдік БАҚ Иранның бұрынғы президенті Махмұд Ахмадинежадтың қаза тапқаны туралы жазуда, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.06.2025 09:15 Сурет: wikipedia/Махмуд Ахмадинежад
Бірнеше шетелдік БАҚ Тегеранда Иранның бұрынғы президенті Махмұд Ахмадинежадқа жасалған қастандық нәтижесінде оның өлтірілгені жөнінде ақпарат таратты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Саясаткер көшеде атыс салдарынан қаза тапты деген болжам айтылуда.

Алайда Oxu.Az басылымының жазуынша, бұл мәліметтерді ресми дереккөздер мен ірі халықаралық ақпарат агенттіктері жоққа шығарған. Аталған порталдың дерегінше, шын мәнінде Иранның ядролық бағдарламасында маңызды рөл атқарған Ферейдун Аббаси өлтірілген.

Сарапшылар мұндай жаңалықтарды психологиялық және ақпараттық соғыстың бір бөлігі деп санайды.

Еске салсақ, 13 маусымға қараған түні Израиль Иранға қарсы ауқымды әскери операция бастады. Израильдің ӘӘК ядролық бағдарламаға қатысты нысандарды қоса алғанда, стратегиялық инфрақұрылымдарға соққы жасады. Израиль билігінің айтуынша, шабуылдың мақсаты – ядролық қауіптің алдын алу: барлау мәліметтері бойынша Иран ядролық қару жасау шегіне жеткен.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: