Польша СІМ-і өз елінің азаматтарынан Беларусьтан тезірек кетуді сұрады

Сурет: pxhere
Польшаның сыртқы істер министрлігі өз азаматтарына Беларусь елін тастап шығуды сұрады, бұл ретте қолжетімді коммерциялық және жеке тәсілдермен жолға шығу ұсынылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Министрліктің баспасөз хатшысының мәлімдемесін поляктың rmf24 басылымы жариялады.

"Бұл елде демократия жоқ және Польшаға бүйірі бұрмайды да. Мен бұл ескертулердің мүмкіндігінше байыппен қабылдағанын қалаймын", — деді поляк СІМ баспасөз хатшысы Павел Вроньский.

Польшаның сыртқы саясат ведомствосы Беларусьта өз елінің азаматы Гжегош Гавелді тыңшылық жасады деген айыппен ұсталғаннан кейін осындай шұғыл мәлімдеме жасады. Варшава айыптауларды ақылға қонымсыз деп атап, өз азаматына қолдау көрсететіндерін растады.

Ведомство Беларусь еліне қатынау үлкен қауіп төндіретінін және поляктарға ол арадан кетуге кеңес берді. Қауіпсіздік жағдайы нашарлап немесе шекаралар жабылған жағдайда эвакуация жүргізу мүмкін болмайды, деп есептейді құзырлы ведомство.

Сонымен қатар СІМ Беларуссияда есірткі мен психотроптық заттардың, соның ішінде медициналық марихуана немесе рецептсіз ауырсынуды басатын дәрілердің аз мөлшерін тасымалдау бас бостандығынан айыру қаупіне соқтыруы мүмкін екенін де еске салады.

Польша азаматтарына Odyseusz жүйесіне тіркелуге, СІМ-нің соңғы хабарламаларын қадағалауға және Польшамен жолаушылар қатынасы үшін тек Тересполь – Брест өткелі жұмыс істейтінін ескертіліп, кеңес беріледі.

Тамыз айының басында Польшада қазақстандық әскери атташе аппаратының қызметкері ұсталғаны белгілі

Беларусь
Еуроодақ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты