Кореяда ер адам көшедегілерге қырғидай тиіп, себепсіз ұрып-соққан

Сурет: pixabay
Пхангё қаласының Кенги провинциясында ер адам 6 қыркүйек күні көшедегі алты жаяу жүргіншіге шабуыл жасап, соққыға жыққан, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға күндізгі уақытта болған. Ер адам көшедегі жүргіншілерге себепсізден-себепсіз тап беріп, ұрып-соға бастаған. ANews жергілікті басылымының жазуынша, ол бір әйелді жерге құлатып, аяқпен тепкілеген. Әйел айқайлап көмек сұраған кезде ғана адамдар оның жағдайына назар аударған.

Шабуыл жасаған ер адам өзіне қарсы тұра алмайтындарды таңдаған. Жәбірленушілердің арасында егде жастағы адамдар мен әйелдер бар. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері күдіктіні ұстады.

Бұл ретте, алты адам әртүрлі дене жарақатын алған. Зардап шеккендердің айтуынша, олар бұған дейін бұл ер адамды мүлде танымайтын.

Бұған дейін Стамбулда жаппай наразылық акциялары басталғанын жазғанбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

Ақмолалық тұрғын Грузиядан Toyota Highlander сатып алмақ болып, миллиондаған теңгесінен айырылды

Құрбысы екеуі мотоциклмен келе жатып арқанға соғылған: Риддерде оқушы қыз қаза тапты

Жасанды бал сатқандарға 20 тамыздан бастап қомақты айыппұл салынады

Қазақстан Сыртқы істер министрлігінде кадрлық ауыс-түйіс болды