Мысырда Газа секторында атыс-шабысты тоқтату туралы қорытынды келісімге қол қойылды

Сурет: видеодан алынды
АҚШ президенті Дональд Трамп, Мысыр көшбасшысы Абдель Фаттах ас-Сиси, Қатар әмірі Тамим Әл Тани және Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Газа секторындағы соғысты аяқтауға арналған саммит барысында анклавтағы қақтығысты тоқтату туралы келісімге қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құжатқа Мысырдың Шарм-Эль-Шейх қаласында өткен "бейбітшілік саммитінде" қол қойылды. Іс-шараға Израиль мен ХАМАС өкілдері қатысқан жоқ. Іс-шара барысы Fox News телеарнасында тікелей эфирден көрсетілді.

Трамп бұл құжатта Газа секторындағы жағдайды шешуге қатысты "көптеген ережелер, талаптар мен басқа аспектілер көрсетілгенін" жеткізді. 

Саммит аясында АҚШ президенті бұл күнге жету үшін "3000 жыл қажет болғанын" атап өтті, сондай-ақ Газа бойынша әлемдік мәміле "ең үлкен әрі ең қиыны" болғанын атап өтті.

"Мен бұл қатты қиын болады деп ойладым, мүмкін көбіне солай да болды, бірақ бізде талантты адамдар көп қой. Біз керемет таланттарды іріктеп алдық және оның көп көмегі болды, әсіресе осы үстел басындағы елдердің де", - деді Трамп.

РБК хабарлағандай, рәсім кезінде Трамп үшінші дүниежүзілік соғыстың ықтималдығын жоққа шығарды.

Газа секторындағы соғыс 2023 жылы қазанда басталды. Ол кезде ХАМАС Израильге шабуыл жасап, салдарынан 1200 адам мерт болды, сондай-ақ 251 адам кепілге алынды. Палестина билігінің мәліметінше, соғыстың екі жылында Газаға әуеден жасалған шабуыл салдарынан 67 мың адам қаза тапқан.

Айта кетсек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылы 13 қазанда АҚШ президенті Дональд Трампты Газа секторы бойынша дипломатиялық жеңіске жетуімен құттықтады.

Түркия
Қатар
Израиль және Палестина
Трамп Дональд

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Әли Оқапов "Құрмет" орденіне қатысты дау-дамайдың салдары туралы айтты

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді