Тоқаев Дональд Трампты Газа секторындағы дипломатиялық жеңісімен құттықтады

Құттықтау, жеделхат, Қасым-Жомарт Тоқаев, Дональд Трамп, Газа секторы, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.10.2025 17:23 Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылы 13 қазанда АҚШ президенті Дональд Трампты Газа секторы бойынша дипломатиялық жеңіске жетуімен құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ президенті Дональд Трампты Газа секторындағы көптен күткен бейбітшілікті орнатуда елеулі дипломатиялық жеңіске жетуімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті саяси ерік-жігерінің мықтылығын және халықтар арасындағы бейбітшілік пен келісім орнатуға шынайы ұмтылысын толық таныта білді деп санайды, делінген Ақорда хабарламасында.

Айта кетсек, 2025 жылы 9 қазанда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Мысырда өткен жанама келіссөздер нәтижесінде Газа секторындағы қақтығысты тоқтату және тұтқындарды босату туралы келісімді қолдайтынын жариялаған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: