Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трампты құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трампты құттықтады, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.11.2024 16:51 Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Америка Құрама Штаттары Президентінің сайлауында айқын жеңіске жеткен Дональд Трампқа құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2024 жылғы 6 қарашада Ақорда мәлімдеді.

Сондай-ақ, Қазақстан Президенті қауіпсіздік, ядролық қаруды таратпау, инвестиция салаларындағы екіжақты ынтымақтастық дәйекті түрде дами беретініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трампқа Америка халқының өсіп-өркендеуі жолындағы, сондай-ақ жаһандық тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі қызметіне табыс тіледі.

Бұған дейін Дональд Трамп өзін АҚШ-тың жаңа президенті деп жариялағаны хабарланған болатын. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: