Қырғызстан KGST мемлекеттік криптовалютасын ұсынды

Сурет: pixabay
Қырғызстан өз криптовалюта стратегиясын жүзеге асыру жоспарын жариялап, ұлттық стейблкоин KGST-ті іске қосатынын және Орталық банктің цифрлық валютасын мемлекеттік секторда қолдануды бастайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

CoinDesk мәліметінше, бұл туралы криптовалюта биржасының негізін қалаушы әрі бұрынғы бас директоры Чанпэн Чжао (CZ) өзінің X желісіндегі парақшасында мәлімдеді.

KGST стейблкоині Қырғызстанның ұлттық валютасы – сомға 1:1 қатынасында бекітілген болады. Бұл актив Қырғызстанның мемлекеттік сандық активтер реестріне тіркелген.

Ол USDKG атты басқа жобадан ерекшеленеді. USDKG стейблкоині доллармен қамтамасыз етіліп, Қырғызстанның Қаржы министрлігі қолдауымен 500 миллион долларлық алтын резервіне негізделген. USDKG-нің іске қосылуы үшінші тоқсанда жоспарлануда.

Сонымен қатар, Орталық банктің цифрлық валютасы немесе цифрлық сом, заңды түрде мойындалды. Оның мемлекеттік төлемдер үшін қолданылуы жақын арада тестілеуден өтеді деп күтілуде.

Бұл қадамдар Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровтың 2023 жылғы сәуірде қабылдаған конституциялық заңдарға өзгерістер енгізу туралы шешімінен кейін жүзеге асып отыр. Бұл өзгерістер цифрлық валютаны толық іске қосқаннан кейін оны заңды төлем құралы ретінде қабылдауға мүмкіндік береді.

Бұған дейін АҚШ Ресейдің ірі мұнай компанияларына санкция салғанын жазғанбыз.

Қырғызстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі