70-ші жылдардың танымал әншісін қарттар үйінде өлтіріп кетті

Сурет: freepik
Энкарнита Поло 60–70 жылдары испан поп-эстрадасының жұлдызы болған. Ол "Paco, Paco, Paco" атты хит әнімен кеңінен танылған. Әншіні қарттар үйінде тұншықтырып өлтірген, деп хабарлайды Zakon.kz.

El Caso басылымының жазуынша, жергілікті полиция 86 жастағы Полоны Авила қаласындағы қарттар үйінде бірге тұрған тағы бір тұрғын тұншықтырған деп болжап отыр. Әнші ұзақ уақыт бойы сол жерде тұрып, қатерлі ісікке байланысты ем қабылдаған.

Қазір оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу жүргізілуде.

Күдікті – сексен жастағы ер адам. Оқиғадан кейін оны психиатриялық бөлімге орналастырған.

Әншінің қызы Ракель Вайцман Поло анасының қазасы туралы туыстары мен жақын достарына хабарлап, бұл қиын кезеңде оның жеке өміріне құрметпен қарауды өтінді.

"Өте үлкен қайғымен анам Энкарнита Полоның бүгін Авилада көз жұмғанын хабарлаймын. Біз осы қалада тұрамыз, және ол өмірінің соңғы жылдарын осы жерде, мейірім мен қамқорлықтың ортасында өткізді", – деп жазды Энкарнитаның қызы.

Бұған дейін Баян Алагөзова тағы бір марапатқа ие болғанын жазғанбыз.

Еуроодақ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тікұшақ Қырғызстан тауларынан екі альпинистің мәйітін түсірді: үшіншісінің жағдайы қандай

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

2026 жылдың шілдесінен бастап қазақстандықтардың өмірінде не өзгереді

"Экономикадағы әрбір алтыншы теңге көзден таса қалуда". Сарапшы экономиканың бақыланбайтын тұстарын атады

"Құдаласып, киіт кигізу". Желіде қазақтың дәстүрлі сый-кәдесі қызу талқыға түсіп жатыр