Подмосковьедегі элиталық мектепте 15 жастағы оқушы пышақпен шабуыл жасап, бір бала қаза тапты

Фото: pixabay
Шабуылдаушы төрт адамды жаралады. Солардың ішінде төртінші сынып оқушысы алдын ала мәлімет бойынша қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жасөспірім пышақпен Подмосковье облысының Одинцов ауданы, Горки-2 елиттік поселкесіндегі Успенская жалпы орта мектебіне шабуыл жасады.

Ол мектепте үш оқушыны және жасөспірімді тоқтатуға әрекет жасаған күзетшіні жаралаған, деп хабарлайды Ресейдің бұқаралық ақпарат құралдары.

Құқық қорғау органдары жасөспіріммен келіссөз жүргізді, сол арада арнайы жасақ оқиға орнына келді.

Сонымен қатар жасөспірім кемінде бір оқушыны тұтқынға алған. Кейін кабинеттің бірінде оқушымен бірге қамалып, арнайы жасақтың операциясы арқылы ұсталды.

Қазіргі уақытта мектептің барлық кабинеттерінде жарылғыш заттың бар-жоғын тексеру жұмыстары жүргізілуде. Жасөспірімнің мұндай әрекетке баруына не түрткі болғаны анықталуда.

Ресей

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін