Тергеу кезінде кеткен қателік: Германияда бейкүнә ер адам 15 жылға жуық уақытын түрмеде өткізді

Фото: freepik
Германияда 13 жыл өмірін жазықсыздан-жазықсыз түрмеде өткізген ер адамға қомақты көлемде өтемақы төленді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Bild басылымының деректері бойынша, ер адам зейнеткер әйелді өлтірді деген айыппен өмір бойына бас бостандығынан айырылған.

Сот материалдарынан белгілі болғандай, Гендицки өз үйінде үй шаруасымен айналысып жүрген сәтінде, 87 жастағы көршісіне көмектескен. 2008 жылы әйел ваннада өлі күйінде табылған. Негізгі күдікті ретінде Гендицки танылып, кәрі әйелді суға батырып өлдірді деп айыпталған. Осылайша, апелляция нәтижесіз болып, ер адам түрмеге қамалған.

Айта кетейік, сотталған адамның туыстары мен адвокаты үмітін үзбеген. 2022 жылы Гендицки босатылып, 2023 жылы сот зейнеткердің қаза табуы кездейсоқ оқиға нәтижесінде болғанын анықтап, ақтаған.

Басылым мәліметі бойынша, Бавария соты 65 жастағы ер адамға рекордтық 1,3 млн еуро көлемінде өтемақы төлейтін болады. Нақтырақ айтқанда, түрмеде өткізген әр күні үшін 75 еуро, жоғалтқан кіріс үшін қосымша 450 мың еуро және сот шығындары.

Бұған дейін Түркияда "Сүлеймен сұлтан" сериалының мерейтойы атап өтілуде екенін жазғанбыз.

Германия
Еуроодақ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін