"Басын шауып, сайға тастап кеткен": кәмелетке толмаған бозбала әкесін өлтірді деген күдікке ілінді

Сурет: unsplash
Әзербайжанның батысындағы Шамкир ауданында жасалған аса қатыгездікпен кісі өлтіру дерегі бойынша жаңа мәліметтер белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Заям Джирдахан ауылының 56 жастағы тұрғыны Ариф Набиевтің мәйіті үйінен шамамен 50–60 метр қашықтықтағы сайдан табылған. Ол іздеу жұмыстары басталғаннан кейін тек бес күн өткен соң – 26 қаңтар күні, қапқа оралған күйде табылды.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, Ариф Набиевті өз ұлы – кәмелетке толмаған жасөспірім өлтірген болуы мүмкін. Марқұмның ағасы Эльбрус Набиев бұл оқиғаның мән-жайын Baku TV телеарнасына берген сұхбатында айтып берді.

"Қылмысты оның өз баласы жасаған. Әкесі ұйықтап жатқанда балтамен шауып өлтіріп, кейін мәйітті каналға тастап кеткен. Одан соң Ресейге қашып барған. Өзім де Ресейде тұрамын, болған жағдайды естіген бойда елге жеттім", – деді ол.

Аталған факті бойынша тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Бұған дейін Ыстамбұлда қоқыс жәшігінен өзбекстандық әйелдің басы шабылған мәйіті табылғанын жазғанбыз.

Әзірбайжан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда самокаттарға тротуармен жүруге тыйым салынады

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті

Ғимараттардың сенімділігі мен тұрақтылығын техникалық тексеру ережелері жаңартылды

Тоқаев бірден төрт заңға қол қойды