Ыстамбұлда қоқыс жәшігінен өзбекстандық әйелдің басы шабылған мәйіті табылды

Ыстамбұлда қоқыс жәшігінен өзбекстандық әйелдің басы шабылған мәйіті табылды , сурет - Zakon.kz жаңалық 27.01.2026 11:15 Сурет: sabah
24 қаңтар күні кешке Ыстамбұлдың беделді Шишли ауданында Өзбекстанның 37 жастағы азаматы Дурдона Хакимованың басы шабылған мәйіті табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қайғылы оқиға жөнінде Өзбекстанның Ыстамбұлдағы Бас консулдығы өздерінің Telegram-арнасында мәлімдеген. Ведомство мәліметінше, мәйітті төсек жаймасына оралған күйінде қоқыс жәшіктерінен зат жинап жүрген ер адам тауып алған. Ол бірден полицияға хабар берген.

Sabah газетінің мәліметінше, мәйітті тапқан ер адам полициямен бірге оқиға орнына қайта оралған. Құқық қорғау органдары көшенің бір бөлігін қоршауға алып, бейнебақылау камераларындағы жазбаларды тәркілеген. Бұл ретте, әйелдің басы табылмаған көрінеді. Дегенмен, полиция кісі өлтіруге күдікті екі адамды ұстады.

Консулдықтың ақпаратынша, күдіктілер де Өзбекстан азаматтары болып шыққан. Олар Түркиядан Грузияға ұшып кетпек болған кезде қолға түскен.

Бұған дейін Ыстамбұл маңында соңғы екі күнде бірнеше жер сілкінісі тіркеліп, жұртшылықтың үрейі ұшқанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: