Үй толығымен жанып кеткен: СҚО-да қызыл жалын арасынан әйелдің мәйіті табылды

Пожар на складе, горящие склады, горящий склад, тушение склада, возгорание складских помещений, пожарный, пожарные, пожарная служба, тушение пожара, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.03.2026 20:42 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Солтүстік Қазақстан облысында қызыл жалынның арасынан әйелдің мәйіті табылды. Қайғылы оқиға 10 наурызға қараған түні болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Qazaqstan Media басылымының жазуынша, қайғылы оқиға Жұмысшы кентіндегі Пугачев көшесінде тіркелді. Уақытша баспана ретінде пайдаланылған үйдің өртеніп жатқаны туралы хабар түнде жедел қызметке түскен. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер келген сәтте баспана толықтай отқа оранған.

"Өрт сөндіруге ТЖД-ның 15 қызметкері мен 6 техникасы жұмылдырылды. Өртті сөндіру барысында құтқарушылар 1988 жылы туған әйелдің мәйітін тапты",- деп мәлімдеді ведомство,

Алдын ала мәлімет бойынша, қаза тапқан әйел бұл үйді жалдап тұрған. Қазір мамандар өрттің шығу себебі мен оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Бұған дейін Петропавлда ер адамның көпшіліктің көзінше өз-өзіне қол салғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: