Ыстамбұл маңында соңғы екі күнде бірнеше жер сілкінісі тіркеліп, жұртшылықтың үрейі ұшты

Сейсмометр, сейсмология, сейсмологи, сейсмограмма, землетрясение, подземные толчки, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.01.2026 11:54 Фото: pixabay
Түркияның Газиантеп провинциясында жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы ел Үкіметі жанындағы апаттарға қарсы күрес басқармасы (AFAD) әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Таратылған ақпаратқа сүйенсек, 25 қаңтарда Нурдагы ауданында 4,1 баллдық жер сілкінісі тіркелген. Оның ошағы 7,82 км тереңдікте жатты.

Зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат түспеген.

Daily Sabah басылымының жазуынша, 24 қаңтарда Түркияның солтүстік-батысындағы Балыкесир провинциясында 5,1 баллдық зілзала болған. Дүмпулер Ыстамбұлда және бірқатар көршілес Бурса, Измир, Ялова және Кутахья провинцияларында сезілген.

Түрік табиғи апаттар мен төтенше жағдайлар басқармасының (AFAD) мәліметтері бойынша, сейсмикалық оқиғаның эпицентрі Сындыргы ауданында орналасқан. Ал, ошағы 11,04 км тереңдікте жатқан.

Бұған дейін 2026 жылғы 26 қаңтарға қараған түні қазақстандық сейсмологтар Қырғызстан аумағында сезілген жер сілкінісін тіркегенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: