Ресей мен АҚШ арасындағы ядролық қаруды шектеу жөніндегі негізгі келісімнің мерзімі аяқталды

Сурет: freepik
2026 жылғы 5 ақпанда Мәскеу мен Вашингтон арасындағы "Стратегиялық шабуыл қаруларын қысқарту туралы шарттың (СНВ-III)" қолданылу мерзімі аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Lenta.ru жазуынша, АҚШ президенті Дональд Трамптың әкімшілігі Ресеймен келісімге келуге формалды түрде қызығушылық танытқанымен, бұл бағытта нақты қадамдар жасамаған.

Қару-жарақты бақылау қауымдастығының (ACA) атқарушы директоры Дэрил Кимбаллдың пікірінше, енді Ресей мен АҚШ арасында "жаңа қарулану жарысының кезеңі басталуы мүмкін".

"Алда бізді белгісіз жол күтіп тұр. Егер Ресей мен АҚШ жақын арада қандай да бір ортақ түсіністікке келе алмаса, олар алыс қашықтықтағы зымырандар мен бомбалаушы ұшақтардағы ядролық оқтұмсықтардың санын арттыруы әбден мүмкін", – деді сарапшы.

Оның айтуынша, бұл соңғы 35 жылдағы алғашқы ауқымды қару-жарақ өсімі болмақ.

Сондай-ақ, ол Вашингтонның қазірдің өзінде Мәскеу мен Пекинді тежеуге жеткілікті жойқын ядролық әлеуеті бар екенін айтты. Кимбалл СНВ-III келісімінің мерзімі аяқталғанына қарамастан, Ресей мен АҚШ қару-жарақты бақылау саласында әлі де ымыраға келе алатынын жоққа шығармады.

Бұған дейін АҚШ-тың Ресейге қарсы жаңа санкциялар дайындағанын жазғанбыз.

Ресей
АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін