Монакодағы жарылыс: зардап шеккендердің арасында украиналық олигарх бар

Сурет: magnific
30 маусым күні кешке Монакодағы Мулен алаңының маңындағы тұрғын үйлердің бірінде күшті жарылыс болды. Князьдік билігінің мәліметінше, алдын ала болжам бойынша жарылысқа сәлемдеменің ішіне жасырылған жарылғыш құрылғы себеп болған. Қазір бұл оқиға ықтимал лаңкестік әрекет ретінде тергелуде.

Le Figaro басылымының мәліметінше, жарылыстан украиналық бір отбасының үш мүшесі зардап шеккен. Екі ересек адам ауыр жарақат алып, олардың жағдайы өте ауыр деп бағалануда. Ал 13 жастағы жасөспірім жеңілірек жараланған. Француз БАҚ-тарының хабарлауынша, зардап шеккендердің арасында Монакода тұратын украиналық кәсіпкер Вадим Ермолаев та бар.

Тергеу мәліметіне сәйкес, белгісіз адам тұрғын үйдің кіреберісіне ішінде жарылғыш құрылғысы бар рюкзакты қалдырып, оқиға орнынан ізін суытқан. Бақылау камераларындағы жазбаларға қарағанда, күдікті жаяу Францияның Босолей қаласы бағытына кеткен. Қазіргі уақытта оны құқық қорғау органдары іздестіріп жатыр.

Жарылыстан кейін Монакода қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Оқиға орнында саперлер мен тергеушілер жұмыс істеуде. Сондай-ақ арнайы операцияға Францияның төтенше жағдайлар қызметтері де тартылған.

Монако билігі мұндай оқиғаның князьдік тарихында бұрын-соңды болмағанын мәлімдеді.

Бұған дейін Парагвай президенті ұлттық құрама Германияны жеңгеннен кейін елде демалыс күнін жариялағанын жазғанбыз.

Еуроодақ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда ауыр жол апаты болды. Адамдар зардап шегіп, жеке үй мен электр бағаны да бүлінді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Оралда Lada Priora көлігін ұрлап, қашқандар видеоға түсіп қалған

Конституциялық сот жаңа Конституцияның мәртебесін түсіндірді

Қостанайда вагонның төбесіне шыққан жасөспірімді тоқ соқты