Парагвай президенті Германияны жеңгеннен кейін елде демалыс күнін жариялады

Парагвай президенті Германияны жеңгеннен кейін елде демалыс күнін жариялады, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.06.2026 12:02 Сурет: Instagram/albirroja
Парагвай президенті Сантьяго Пенья ұлттық құраманың футболдан әлем чемпионатының 1/8 финалына шығуына байланысты 30 маусымды мерекелік демалыс күні ретінде жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы мемлекет басшысы өзінің Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында мәлімдеді.

"Бүгін – бүкіл елдің мерекесі. Алға, Парагвай!" – деп жазды президент.

Осыдан бірнеше сағат бұрын Германия құрамасы күтпеген жерден Парагвайдан жеңіліп, футболдан әлем чемпионатындағы жарыс жолын аяқтаған болатын. Кездесудің 42-минутында парагвайлық шабуылшы Хулио Энсисо есеп ашты. Ал матчтың 54-минутында Германия құрамасының шабуылшысы Кай Хаверц таразы басын теңестірді. Матчтан кейінгі пенальтилер сериясында Парагвай құрамасы 4:3 есебімен басым түсіп, келесі кезеңге жолдама алды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: