Парагвай сенсация жасап, Германияны жарыс жолынан ысырды

Парагвай сенсация жасап, Германияны жарыс жолынан ысырды , сурет - Zakon.kz жаңалық 30.06.2026 11:20 Сурет: Instagram/albirroja
30 маусым күні Фоксборо қаласындағы Gillette Stadium стадионында өткен футболдан әлем чемпионатының матчында Парагвай құрамасы Германияны жеңіп, 1/8 финалға жолдама алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Парагвай жеңіс голын бірінші таймның соңына қарай соқты. "Страсбур" клубының шабуылшысы Хулио Энсисо айып алаңына күтпеген жерден еніп, қақпашы Мануэль Нойерді қапы қалдырып, есеп ашты.

Осылайша, Юлиан Нагельсман баптайтын Германия құрамасы әлем чемпионатындағы өнерін аяқтап, елге қайтатын болды.

Парагвай сенсация жасап, Германияны жарыс жолынан ысырды , сурет - Zakon.kz жаңалық 30.06.2026 11:20

Сурет: Telegram/Спортс

Матчтан кейін пенальтилер сериясы аяқталған соң, 1986 жылдан бергі әлем чемпионатының плей-офф кезеңіндегі ең жас бас бапкер Юлиан Нагельсманның дәрменсіз күйде жерге қарап тұрған сәті көпшіліктің назарын аударды.

Парагвай сенсация жасап, Германияны жарыс жолынан ысырды , сурет - Zakon.kz жаңалық 30.06.2026 11:20

Сурет: Telegram/Спортс

Енді Парагвай құрамасы 1/8 финалда Франция мен Швеция құрамалары арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: