Қазақстан құрамасы алғаш рет United Cup турнирінің жартылай финалына шықты
Сурет: ktf.kz
Аустралияда өтіп жатқан United Sup турнирінде Қазақстан құрамасы Германияны жеңіп, жартылай финалға жолдама алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алғашқы ойында әлемнің 6-ракеткасы Елена Рыбакина әлемдік рейтингіде 80-орында тұрған Лаура Зигемундпен сынға түсті.
Елена неміс спортшысын 6:3, 6:1 есебімен айқын басымдықпен жеңді. Осылайша, Қазақстан құрамасын алға шығарды.
Екінші жекелей сында Германиядан әлемнің екінші ракеткасы Александр Зверев ойынға шықпады. Оның орнына рейтингіде 254-орындағы Даниэль Мазур шықты.
Мазур бірінші сетте Александр Шевченкодан 7:6 (7:5) есебімен басым түсті.
Дегенмен, кейін қазақстандық теннисші камбэк жасай білді — 6:2, 6:2.
Айта кетейік, жартылай финал Аустралияның Сидней қаласында өтеді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript