Теннистен Қазақстан құрамасы United Cup турнирінің жартылай финалында жеңіліп қалды

Теннистен Қазақстан құрамасы Аустралияда өтіп жатқан United Cup командалық турнирінің финалына шыға алмады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жартылай финалда қазақстандық теннисшілер Польша құрамасымен кездесті.
Алғашқы ойында Александр Шевченко Хуберт Хуркачқа 3:6, 2:6 есебімен есе жіберді.
Кейін Елена Рыбакина әлемнің екінші ракеткасы Ига Швентекке қарсы ойында 6:7, 4:6 есебімен жеңіліс тапты.
Турнирлік маңызы жоқ соңғы кездесуде Жібек Құламбаева мен Александр Шевченко Майя Хвалиньска және Ян Зелински жұбына 4:6, 1:6 есебімен жол берді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript