Балалар алаңындағы жарылыс: Ресейде кішкентай қыз балаларды қайғылы жағдайдан құтқарып қалды

Фото: Zakon.kz
Ресейдің Самара облысында балалар алаңында болған жарылыстан кейін қылмыстық іс қозғалды. Оқиға салдарынан бір әйел жарақат алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Газета.ru" басылымының аймақтық Тергеу комитетіне сілтеме жасап жазуынша, оқиға 2 шілде күні Усть-Кинельск ауданында болған.

Бірнеше жасөспірім аулада ойнап жүрген балалардың аяғының астына ішінде белгісіз қоспасы бар пластик бөтелкені лақтырған. Сол сәтте 6 жастағы қыз оны қоқыс жәшігіне қарай итеріп жіберген, көп ұзамай жарылыс болған.

Оқиға нәтижесінде жақын жерде тұрған бір әйел қолынан күйік алған.

Оқиға орнында ақ түсті ұнтақ іздері мен бензин иісі бар сұйықтық табылған.

Алдын ала мәлімет бойынша, жасөспірімдер интернеттен жарылғыш қоспа жасау туралы нұсқаулықты тауып, соны қайталап көрмек болған.

Тергеу органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Бұған дейін Монакодағы жарылыста зардап шеккендердің арасында украиналық олигарх бар екенін жазғанбыз.

Ресей

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жаңа Конституцияға орай рақымшылық жарияланды: кімдер қылмыстық жауаптылықтан босатылады

2026 жылғы ауқымды рақымшылық – Тоқаев заңға қол қойды

Салық кодексіне жаңа түзетулер енгізілді

2026 жылдың шілдесінен бастап қазақстандықтардың өмірінде не өзгереді

Қазақстанда жаңа Конституция күшіне енді: өзгерістер хронологиясы