Наталья Наговицынаның Победа шыңында қаза болуына не себеп болды - сарапшы пікірі

Сурет: Instagram/natalina_1022
Ресей Альпинизм федерациясының классикалық альпинизм жөніндегі комиссия төрағасы Александр Яковенко ресейлік Наталья Наговицынаның құрамында болған альпинистер тобының бастапқыдан-ақ қайғылы жағдайға тап болу қаупі жоғары болғанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

РИА Новости мәліметінше, сарапшы альпинистердің Победа шыңына көтерілген кезде маршруттың қаншалықты қауіпті екенін дұрыс бағаламағанын атап өтті.

Наговицына 2025 жылдың тамызында Тянь-Шаньның ең биік нүктесі саналатын Победа шыңына халықаралық топ құрамында аттанған. Топта барлығы алты адам болған Ол шыңға апаратын жолдың соңғы кезеңінде ресейлік альпинистпен бірге жұптасып көтерілген. Ал, 12 тамызда шыңнан түсу кезінде, теңіз деңгейінен шамамен 7200 метр биіктікте, Наговицына аяғын жарақаттап алған. Оны құтқару үшін басқа альпинистер бірнеше рет әрекет жасаған. Алайда ауа райының қолайсыздығына байланысты құтқару жұмыстары сәтсіз аяқталған. Құтқаруға барған альпинистердің бірі де қаза тапты.

Альпинизм бойынша спорт шебері Александр Яковенконың айтуынша, Наговицына тауға лайықты командамен, маршруттың жағдайын ескере отырып және өзінің физикалық дайындығына сай көтерілмеген.

"Ол (Наталья Наговицына) ол жерге лайықты командамен барған жоқ, маршруттың жағдайы да қолайлы болмады, өзінің физикалық дайындығы да жеткіліксіз еді. Алты адам болып барған, соңында екеуі ғана қалған, оның өзі кездейсоқтық... Барлық ереже бұзылды", – деп есептейді Яковенко.

Ол өткен маусымда Наговицынаны қоса алғанда, Победа шыңына көтерілген кезде тағы үш адамның қаза болғанын айтты.

"Наташаның басынан өткен жағдай – ең алдымен оның жақындары үшін үлкен трагедия. Әрине, бұл оқиғаға бүкіл ел алаңдады. Адамдар өздерінің өлімге душар болуы мүмкін екенін біле бермейді. Победа шыңына бара жатқан адам кез келген сәтте қаза болуы мүмкін екенін біліп баруы керек. Ал тауда аман қалу мүмкіндігін жаттығу арқылы, сәтті ауа райының болуымен және жақсы командамен арттыруға болады", – деді ол.

Бұған дейін Қырғызстан тауларында альпинистер тобы із-түзсіз жоғалып кеткенін жазғанбыз.

Қырғызстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін