Бұл туралы италиялық II Messaggero газеті жазды.
Оқиға Сардиния аралындағы Порто-Черво курорттық қаласының маңында болған. 30 метрлік Angiola II яхтасы Каппучини аралы мен Капо-Ферро мүйісі арасындағы Коста-Смеральда жағалауындағы теңізге батқан.
Бортында 14 жолаушы мен экипаж мүшесі болған кезде кемеде өрт шыққан. Барлық адам құтқарылды, зардап шеккендер жоқ.
Басылымның мәліметінше, Angiola II оқиғадан төрт күн бұрын жаңа иесіне тапсырылған. Яхтаның құны шамамен 8 млн еуроны (4,29 млрд теңге) құраған. Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға қозғалтқыштағы ақаудан басталып, өртке ұласқан. Кейін яхтаға су кіріп, кеме бір бүйіріне қисайып, ақыры суға кеткен.
Қазір италиялық жағалау күзеті өрт пен яхтаның суға батуының нақты себептерін анықтап жатыр. Кемені теңіз түбінен көтеру үшін шамамен 200–220 тонналық понтон қолдану жоспарлануда.