Алматы, Астана, Шымкент: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
Сурет: Zakon.kz
16, 17 және 18 тамызда Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы ауа райы бір-бірінен айтарлықтай өзгеше болады. Оңтүстікте аптап ыстық сақталса, елордада жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, ал күндіз сынап бағаны аздап төмендейді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Астана
- 16 тамыз: аспан бұлтты, жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Соққан желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрге, күндіз 15-18 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде: +16...+18°C, күндіз: +23...+25°C.
- 17 тамыз: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Соққан желдің жылдамдығы секундына 7-12 метрге, күндіз 15 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде: +10...+12°C, күндіз: +20...+22°C.
- 18 тамыз: аспан бұлтты, жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Соққан желдің жылдамдығы секундына 7-12 метрге, күндіз 15 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде: +8...+10°C, күндіз: +18...+20°C.
Алматы
- 16 тамыз: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Соққан желдің жылдамдығы секундына 3-8 метрді құрайды. Ауа температурасы түнде: +21...+23°C, күндіз: +35...+37°C.
- 17 тамыз: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Соққан желдің жылдамдығы секундына 3-8 метрді құрайды. Ауа температурасы түнде: +21...+23°C, күндіз: +31...+33°C.
- 18 тамыз: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Соққан желдің жылдамдығы секундына 3-8 метрді құрайды. Ауа температурасы күндіз: +31...+33°C.
Шымкент
- 16 тамыз: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Соққан желдің жылдамдығы секундына 3-8 метрді құрайды. Ауа температурасы түнде: +23...+25°C, күндіз: +37...+39°C.
- 17 тамыз: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Соққан желдің жылдамдығы секундына 3-8 метрді құрайды. Ауа температурасы түнде: +20...+22°C, күндіз: +33...+35°C.
- 18 тамыз: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Соққан желдің жылдамдығы секундына 8-13 метрді құрайды. Ауа температурасы түнде: +20...+22°C, күндіз: +34...+36°C.
Бұған дейін синоптиктер 16 тамызда Қазақстанның бес қаласында ауаның ластану деңгейі жоғары болатынын ескерткен.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript