Бүгін еліміздің бес қаласында ауа сапасы нашарлайтыны ескертілді

 Алматы, Ақтөбе, Қарағанды, Балқаш, Теміртау, ауа сапасы, 16 тамыз, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.08.2026 09:30 Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Синоптиктер Қазақстанның бес қаласында 2026 жылғы 16 тамызда ауаның ластану деңгейі жоғары болатыны ескертілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
16 тамызда Алматы, Ақтөбе, Қарағанды, Балқаш, Теміртау қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі, делінген синоптиктер хабарламасында.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Бұған дейін синоптиктер жексенбіде еліміздің бірқатар өңірінде қолайсыз ауа райы қалыптасқанын ескерткен болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: