Бүгін еліміздің үш қаласында ауа сапасы нашарлайтыны болжанады
Сурет: primeminister.kz
Синоптиктер 2026 жылғы 12 шілдеде Қазақстанның үш қаласында ауаның ластану деңгейі жоғары болатынын ескертеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"12 шілдеде Қостанай, Алматы, Атырау қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі", делінген синоптиктер хабарламасында.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Бұған дейін синоптиктер Алматы бойынша алдағы бір аптаға арналған ауа райы болжамын жариялаған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript