Бүгін еліміздің жеті қаласында ауа сапасы нашарлайтыны болжанады

Ауа сапасы, 27 маусым, Қарағанды, Теміртау, Талдықорған, Алматы, Өскемен, Семей, Риддер, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.06.2026 09:15 Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Синоптиктер 2026 жылғы 27 маусымда Қазақстанның бірден жеті қаласында ауаның ластану деңгейі жоғары болатынын ескертеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"27 маусымда Қарағанды, Теміртау, Талдықорған, Алматы, түнде Өскемен, Семей, Риддер қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі", делінген синоптиктер хабарламасында.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Бұған дейін "Қазгидромет" РМК синоптиктері 27 маусымда еліміздің басым бөлігінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасаған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: