Бүгін еліміздің қатарынан тоғыз қаласында ауа сапасы нашарлайтыны болжанады

Ауа сапасы, нашарлау, 24 қаңтар, Петропавл, Көкшетау, Павлодар, Қарағанды, Теміртау, Орал, Ақтөбе, Алматы, Астана , сурет - Zakon.kz жаңалық 24.01.2026 09:17 Сурет: freepik
Синоптиктер 2026 жылғы 24 қаңтарда Қазақстанның тоғыз қаласында ауаның ластану деңгейі жоғары болатынын ескертеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"2026 жылғы 24 қаңтарда Петропавл, Көкшетау, Павлодар, Қарағанды, Теміртау, Орал, Ақтөбе, Алматы қалаларында, түнде Астана қаласында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі", делінген синоптиктер хабарламасында.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Бұған дейін "Қазгидромет" РМК синоптиктері 24 қаңтарда еліміздің бірнеше өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жариялаған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: