Электросамокат жүргізушілеріне қойылатын жаңа талаптар: қазақстандықтар нені білуі керек

Самокат, самокаты, самокатчики, электросамокаты, электрический самокат, электрические самокаты, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.08.2026 16:53 Фото: freepik
2026 жылғы 10 тамызда Астана қаласының ПД еріктілермен, прокуратура және электрсамокаттарды жалға беретін компаниялармен бірлесіп, профилактикалық акция өткізді. Іс-шара барысында елорда тұрғындарына электрсамокат пайдаланушыларға қойылатын жаңа талаптар түсіндірілді.

2026 жылғы 25 тамыздан бастап электрсамокат жүргізушілері мына талаптарды сақтауға міндетті:

  • велосипед жолымен немесе велосипед жолағымен жүру;
  • олар болмаған жағдайда жол қозғалысы қағидаларында көзделген ретпен жолдың жүру бөлігінің оң жақ жиегімен немесе жол жиегімен жүру;
  • жолдың жүру бөлігімен қозғалған кезде жүргізушінің жасы 18-ден кем болмауға, кез келген санаттағы жүргізуші куәлігі болуға және қорғаныс шлемін тағуға тиіс;
  • тәуліктің қараңғы уақытында жарық шағылыстыратын элементтерді пайдалану.

Электрсамокаттардың тротуарлармен және жаяу жүргіншілер жолдарымен жүруіне тыйым салынады.

Астана прокуратурасының қызметкерлері электрсамокат пайдаланушылар жиі жасайтын құқық бұзушылықтардың қатарында жүргізуші куәлігінсіз жолдың жүру бөлігіне шығу, жылдамдықты арттыру және жол қиылыстарынан өту талаптарын сақтамау бар екенін атап өтті. Сондай-ақ бір самокатпен жолаушы тасымалдау да ерекше қауіп төндіреді.

"Бұл жол-көлік оқиғаларының туындау қаупін едәуір арттырады. Заңнамаға енгізілген өзгерістер жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін күшейту қажеттілігіне де байланысты", – деді Астана қаласы прокуратурасы басқармасының прокуроры Ақжол Сәтілдә.

Кикшеринг компаниялары 1 шілдеден бастап пайдаланушыларға бақылауды күшейтті.

Самокаттарға үш жағынан – жақтауы мен артқы қанатына сәйкестендіру нөмірлері жазылады. Бұл камералардағы деректер арқылы көлік құралын анықтап, құқық бұзушыларға қатысты шара қолдануға мүмкіндік береді. Сондай-ақ 18 жасқа толмаған пайдаланушыларды тіркеуге тыйым салынған.

Акцияны ұйымдастырушылар көлік жүргізу мәдениетін сақтау қажеттігін де еске салды. Электрсамокаттарды тротуардың ортасына, жолдың жүру бөлігіне, велосипед жолына немесе автокөліктерге арналған тұрақ орындарына қалдыруға болмайды. Мұндай құқық бұзушылықтар үшін пайдаланушыға жаза қолданылуы немесе оның есептік жазбасы бұғатталуы мүмкін.

Ал Алматы полиция департаменті жолдардың қай учаскелерінде ең жоғары қозғалыс жылдамдығы төмендетілуі мүмкін екенін айтты.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: