Бұл туралы Колумбияның жергілікті билігі мәлімдеді.
Қытайдың Xinhua агенттігі Апаттар қаупін басқару жөніндегі ұлттық бөлімнің мәліметтеріне сүйеніп хабарлағандай, магнитудасы 7,4 балдық жер сілкінісі елдің 15 департаментіндегі 470 муниципалитетке әсер еткен.
Зілзала салдарынан:
- 277 ғимарат қираған;
- шамамен 30 мың үй толығымен қираған;
- 134 мыңнан астам үй зақымданған.
Қазіргі уақытта іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Апаттың салдарын жоюға ұлттық және халықаралық құтқару топтары жұмылдырылған. Құтқарушылар 358 адамды аман алып қалған.
Сондай-ақ Колумбияға 220 тоннадан астам гуманитарлық көмек жеткізілген. Құтқару жұмыстарына шетелден 144 маман қосылған.
Зілзаладан ең көп зардап шеккен Валье-дель-Каука, Рисаральда және Чоко аймақтарының тұрғындары әлі де уақытша баспаналарда және саябақтарда тігілген шатырлы лагерлерде тұрып жатыр.
Бұған дейін Индонезияда болған жер сілкінісінен ғимараттардың қирағаны туралы жазған болатынбыз.