Индонезияда жер сілкінісі болып, ғимараттар қирады

Индонезияда жер сілкінісі болып, ғимараттар қирады, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.08.2026 10:44 Сурет: Х/Will466513
15 тамыз күні таңертең Индонезияда магнитудасы 7,7 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жергілікті Jakarta Globe ақпараттық порталының мәліметінше, Шығыс Нуса-Тенгара провинциясында тұрғын үйлер, мектептер, медициналық мекемелер және басқа да нысандар зақымданған.

Оқиға куәгерлері әлеуметтік желілерде жер сілкінісінің салдарын көрсететін кадрларды бөлісіп жатыр.

Мектептер, мемлекеттік және медициналық мекемелердің ғимараттарына зақым келген.

Қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы әзірше ақпарат түскен жоқ.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: