Газета.ru The Sun басылымына сілтеме жасап мынандай ақпарат берді:
Бұл оқиға осыдан тоғыз жыл бұрын болған.
Оқиға Жаңа Оңтүстік Уэльс штатындағы Маунт-Ройал ұлттық саябағында болған. Мишель Питман мен оның ұлы Дилан дайындықсыз әрі ешқандай жабдықсыз серуенге шығып, адасып кеткен.
Мишельдің айтуынша, олар Беар Гриллстің тірі қалу тақырыбындағы бағдарламаларын тамашалаған және "өздерінің шытырман оқиғаларын жоспарлауды" шешкен. Жолдан адасқандарын түсінген кезде, байланыс жоқ еді, ал айналада тек қалың бұталар мен таулар болған.
Түнде анасы мен баласы бұтақтардың көмегімен баспана жасап, бір-бірінің денесінен кенелер мен сүліктерді алып отырған. Төртінші күні сусызданудан өліп қалмау үшін өз зәрлерін іше бастаған. Әйел ұлына оның алма шырыны екенін айтып сендірген.
Жетінші күні бала әлсіреп, есінен танып қала бастағанымен, әлі де жүре алған. Үш күннен кейін анасы мен баласы оларды іздеуді 48 сағаттан соң тоқтатуға дайындалып жатқан полиция қызметкерлеріне тап болған.
Мишель мен Дилан қатты сусыздану, әлсіреу, аяқтарының ісінуі және жәндіктердің шағуынан ауруханаға жеткізілді.
Әйелдің айтуынша, олардың ғажайып түрде құтқарылғанын Беар Гриллстің өзі біліп, оларды "тапқыр әрі батыл" деп атаған.