Түркияда 62 жастағы ресейлік турист қонақүй қызметкерлеріне тиіскені үшін түрмеге қамалды

Сурет: magnific
Түркияда қонақүй қызметкерлеріне сексуалдық сипаттағы қысым көрсетті деп айыпталған Ресей азаматы, 62 жастағы зейнеткер қамауға алынды. Ер адам курорттық Инжекум елді мекеніндегі бес жұлдызды қонақүйге демалуға барған, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Газета.ru" SHOT Telegram-арнасына сілтеме жасап жазғандай, демалыс кезінде турист бірнеше қонайүй қызметкеріне қайта-қайта назар салып, мазасын алған. Оның әрекеті тым өрескел болғандықтан, қонақүй қызметкерлері полиция шақырған.

Сурет: Telegram-канал "SHOT"

Нәтижесінде турист ұсталды. Жауап алғаннан кейін сот шешімімен оны Аланьядағы L типті жабық түрмеге жіберді. Мұндай мекемелерде ауыр және орташа ауыр қылмыс жасады деп айыпталған адамдар ұсталады.

Ресей азаматы 20 адамға дейін орналастыруға арналған камераға қамалады. Сондай-ақ оған түрме аумағындағы шағын алаңда серуендеуге мүмкіндік беріледі.

Бұған дейін Түркияда бассейнге сәтсіз секіріп, сал болып қалған ер адамның қайғылы оқиғасы туралы жазған едік.

Түркия

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлерімен кездесті

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді